«Атырау» ресейлік футболшыны қатарға қосты

06.07.2022, 22:56
«Мұнайшылар» бұған дейін «Қайраттың» шабуылшысы Денис Митрофановты алған еді.
«Атырау» ресейлік футболшыны қатарға қосты

«Атырау» 26 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Юрий Завезёнмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншы «Атырауға» еркін агент ретінде қосылды.

Юрий Завезён - «Чертаново» академиясының түлегі. Ресейде «Кубань», «Ротор» сияқты командаларда өнер көрсетті. Ойыншының соңғы клубы «Металлург Липецк» болды.

Жалпы, Завезён мансабында 254 матч өткізіп, 23 гол соққан, 10 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×