«Атырау» Тлешевпен келісім-шартқа отырды

05.03.2015, 19:15
«Атырау» Тлешевпен келісім-шартқа отырды
«Мұнайшылар» сапына тәжірибелі шабуылшы Мұрат Тлешов қосылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ». Бұл туралы атыраулық клубтың ресми сайты мәлім етті. Мұрат – тараздық футбол мектебінің түлегі. Спорттық мансабында «Тараз», «Жеңіс», «Шахтер», «Ертіс», «Астана», «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» секілді клубтардың намысын қорғаған. Өткен маусымды «Тараз» құрамында өткізіп, 27 матчта 7 гол соқты. Сондай-ақ, Тлешев ұлттық құрамаға да бірнеше рет шақырту алған, бүгінге дейін 8 матчқа қатысып, бір дәл соққымен көзге түсті.   «PROСПОРТ» сайтынан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×