Өткен маусымда "Атырау" сапында ойнаған үш қазақстандық футболшы командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
23 жастағы қорғаушы Мейіржан Кәмбіл өткен маусымда "Атырау" сапында 6 матч өткізді. 26 жастағы қорғаушы Әбілхайыр Зульфикаровтың небәрі 1 матчта ғана бой көрсетті. 23 жастағы шабуылшы Темірлан Амиров 3 кездесуге қатысты.
Еске салайық, бұған дейін "Атыраудан" Лев Скворцов ("Астана"), Жасұлан Қайыркенов ("Астана"), Владимир Грошев, Денис Образ ("Слуцк"), Сергей Басов, Мақсат Байжанов және Валентин Чуреев кеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET