"Атырауда" легионерлер байқауда

24.01.2011, 20:08
"Атырауда" легионерлер байқауда

"Атырау" командасы осы күнгдері сырттан келген футболшыларды сынақтан өткізуде. Олардың қатарында португалиялық азамат бар екенін айта кеткен жөн. Бразилиялық Жоао Нивалдо мен португалдық Куасто Джонатас кезінде "Навал" клубында өнер көрсеткен екен. Қазақстан футболының тарихында әлі португалиялық футболшы болмағанын ескеретін болсақ, егер Джонатас "Атыраумен" келісімшартқа отыратын болса онда бұл - тарихи жағдай болмақ.

Сонымен қатар, бастыстық клубтың сапында нигериялық шабуылшы Ибе Зито Огбонна мен есімі бізге белгілі емес тағы бір шабуылшы байқауда жүр. Өткен жылы "Ақжайық" сапында керемет өнер көрсеткен Мозес Сакиде осында екенін қоса кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×