Родненок телефонмен қоштасты

24.01.2011, 18:28
Родненок телефонмен қоштасты

Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамасына бас-көз болып жүрген Беларусь маманы Павел Родненок өз еліне кетіп қалды.

Жақында аталмыш маманды өз еліне кетіп қалып, бір клубқа «жаттықтырушы болып жұмысқа орналасыпты» деп естідік. Нақты жауабын білмек болып, Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және қоғаммен қарым-қатынас жөніндегі де­пар­таментінің жетекшісі Измаил Бзаровпен хабарласқанбыз. Кеше аталмыш депар­таменттің жетекшісі ресми мәлімдеме жіберді. Онда:

Pavel_Podnenok_fut_trener

«Қазақстанның 19 жасқа дейінгі және 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы құра­маларының аға жаттықтырушысы (бас бапкері) Павел Родненок өз елінде дем­алыста жүріп, Қазақстан футбол федера­циясының ұлттық құрамалар департа

­ментімен хабарласты. Өзінің өткен жылғы жұмыстарының нәтижесіне көңілі тол­майтындығын білдіріп, қызметінен бо­сатуын өтінді. Сондай-ақ отбасылық жағ­дайларын да

көлденең тартты. Негізгі себеп – жауапкершілік сезімі. Қазақстан футбол федерациясының басшылығы Родненокқа бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, оның өтінішін қабыл алды», – делінген.

Шеттен келген мамандардың бізді жетістірмейтіні ежелден белгілі болғандай еді. Әрі осыдан бірер жыл бұрын Қазақ­стан футбол федерациясы «жастар және жасөспірімдер құрамасын өзіміздің жер­гілікті мамандар дайындауы керек» деген-ді. Абзалы, шетелдіктерге жалтақта­май, осы сөзден ауытқымау керек сияқты.

Автор: Нұрғазы Сасаев “Алаш айнасы”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×