«Атыраудың» польшалық шабуылшысы командадан кетеді

28.09.2022, 23:16
Футболшының клубпен келісім-шарты жыл соңында аяқталады.
«Атыраудың» польшалық шабуылшысы командадан кетеді

Польшалық шабуылшы Петр Гжельчак ағымдағы маусымның соңында «Атыраудан» кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы шабуылшының клубпен келісім-шарт мерзімі жыл соңында аяқталады және әрі қарай ұзартылмайды.

Осы маусымда Гжелчак «мұнайшылар» үшін 16 ойын өткізіп, екі гол соққан. Польшалық шабуылшы «Атырауда» 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Польша жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы бұған дейін «Гурник», «Ягеллония», «Легия», «Полония» (Варшава) және «Виджев» командаларында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×