Бельгия құрамасының қорғаушысы БАӘ клубына ауысты

29.09.2022, 18:03
Қорғаушы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.
Бельгия құрамасының қорғаушысы БАӘ клубына ауысты

«Манчестер Сити» мен «Лионның» бұрынғы қорғаушысы Джейсон Денайер БАӘ чемпионатында өнер көрсететін «Шабаб Аль Ахли» клубына ауысты.

Футболшы медициналық тексерістен сәтті өтіп, жаңа клубпен еркін агент ретінде келісім-шартқа отырды. Жазда оған «Вулверхэмптон» қызығушылық танытқан еді.

Денайер 2013 жылдың шілдесінде «Манчестер Ситиге» ауысты, бірақ ағылшын командасының құрамында бірде-бір рет алаңға шықпай, басқа клубтарға жалға берілді. 2018 жылы «қалалықтар» Денайерді «Лионға» сатты, онда Джейсон 137 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

2015 жылы Денайер Бельгия құрамасында дебют жасап, содан бері 35 ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×