«Манчестер Сити» Бернарду Силваны сатуға дайын

29.09.2022, 20:37
«Қалалықтар» футболшыны 100 миллион еуроға сатқысы келеді.
«Манчестер Сити» Бернарду Силваны сатуға дайын

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушы Бернарду Силваны 2023 жылы басқа клубқа жіберуі мүмкін.

Англия чемпиондары келесі жазда 100 миллион еуро көлемінде ұсыныс алса, 28 жастағы ойыншыны сатуға дайын болады, деп хабарлайды Manchester Evening News.

«Барселона» керек емес ойыншылардан құтылса, қысқы трансферлік терезеде португалиялық ойыншыны сатып алуға тырысады.

Бернарду Силва 2017 жылы «Манчестер Ситиге» ауысып, содан бері 11 трофей жеңіп алды. Биылғы маусымда футболшы «қалалықтар» сапында 10 кездесу өткізіп, екі гол соқты, үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×