Аргентина құрамасы бас бапкерімен келісім-шартты ұзартты

28.09.2022, 18:21
Аргентина соңғы 35 матч бойы жеңілмей келеді.
Аргентина құрамасы бас бапкерімен келісім-шартты ұзартты

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони ұлттық құрамамен келісім-шартын ұзартты. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

44 жастағы маманның Аргентинамен жаңа келісім-шарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген.

Скалони Аргентина құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2021 жылғы Америка Кубогінде топ жарып, 1993 жылдан бергі алғашқы халықаралық трофейіне қол жеткізді.

Скалони футболшы ретінде испаниялық «Депортиво», «Расинг», «Мальорка», италиялық «Лацио», «Аталанта» және англтялық «Вест Хэм» командаларында өнер көрсетті. Ал Аргентина құрамасында жеті ойын өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×