АУТСАЙДЕРЛЕР ТУРЫ

17.09.2012, 22:24
АУТСАЙДЕРЛЕР ТУРЫ
Біріншіліктің аутсайдері  «Жетісу»  «Тобылмен» ұпай бөлісті – 1:1. Осыдан кейін қарағандылық «Шахтер» біріншіліктің жеке дара көшбасшысына айналды. «Шахтер» Орал қаласында өткен «Ақжайық» командасын ұтып, үш ұпайды қоржынына салды. Жеңіс голының авторы – Жамбыл Көкеев. Қарағандылық командамен иық тірестіріп келген «Тобыл» «Жетісуды» ұта алмады. «Біздің команда бұл ойында жеңу керегі еді. Дегенмен, Вячеслав Грозный сынды білікті бапкерден ұпай ала білуде үлкен нәтиже. Жалпы, «Тобыл» ойыны әдемі команда» деді матчтан кейін «Жетісудың» бапкері  Слободан Крчмаревич. «Тараз» «Ертісті» ұтып, төртінші орынға көтерілді. Аса тартысты өткен кездесуде «Тараздың» сербиялық легионері Мирослав Лечич қос гол салды. Бұл футболшы маусым басында ауыр жарақат алып, біраз уақыт алаңға шықпаған еді. «Сұңқар» «Астанамен» ұпай бөлісті. Ал «Ақтөбе» «Оқжетпестің» қақпасына бес гол соқса, қарсыласы екі голмен жауап қатты. «Сұңқар» — «Астана» 1:1 (1:1) Голы: Нургалиев 37 (1:0), Нусербаев 40 (1:1) «Тараз» — «Ертіс» 3:2 (1:1) Голы: Лечич 2 (1:0), Бакаев  пенальти 34 (1:1), Лечич 57 (2:1), Диакате 74 (3:1), Говедарица 85 (3:2) «Ордабасы» — «Қайрат» 0:0 «Ақжайық» — «Шахтер» 0:1 (0:0) Гол: Көкеев 72 (0:1) Пенальти соға алмады: Көкеев 40 «Қайсар» — «Атырау» 1:0 (1:0) Гол: Тағыберген 26 (1:0) «Жетісу» — «Тобыл» 1:1 (1:1) Гол: Михайлов 15 (1:0), Жұмасқалиев 32 (1:1) «Ақтөбе» — «Оқжетпес» 5:2 (3:1) Гол: Григорута 1 (0:1), Мартинович автогол 5 (1:1), Гейнрих 32 (2:1), Лисенков 41 (3:1), Гейнрих 77 (4:1), Сымаков 79 (5:1), Головешкин 84 (5:2) aламан.кз
О Команда О Ж Т Ұ Г ҰП
1 «Шахтер» 22 14 2 6 42 – 14 44
2 «Тобыл» 22 12 6 4 36 – 23 42
3 «Ертіс» 22 11 6 5 39 – 20 39
4 «Астана» 21 11 5 5 28 – 21 38
5 «Тараз» 22 12 2 8 28 – 29 38
6 «Ақтөбе» 20 10 5 5 31 – 17 35
7 «Ордабасы» 21 8 7 6 23 – 19 31
8 «Ақжайық» 21 8 4 9 27 – 26 28
9 «Қайсар» 22 7 6 9 19 – 24 27
10 «Атырау» 22 7 4 11 15 – 28 25
11 «Қайрат» 21 5 8 8 20 – 28 23
12 «Сұңқар» 22 5 7 10 14 – 24 22
13 «Жетісу» 22 5 4 13 25 – 42 19
14 «Оқжетпес» 22 2 2 18 17 – 49 8
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×