«Аякс» Голландия чемпионы атанды

12.05.2022, 17:34
Амстердамдық клуб 36-шы рет ел чемпионы атанды.
«Аякс» Голландия чемпионы атанды

Кеше, 11 мамырда Амстердамдағы «Йохан Кройфф Аренада» «Аякс» Голландия чемпионатының 33-ші туры аясында «Херенвенді» 5:0 есебімен жеңді.

19-минутта қорғаушы Николас Тальяфико есеп ашса, 33-минутта шабуылшы Стивен Бергёйс, ал бес минуттан Себастьян Аллер өз мүмкіндіктерін голға айналдырды. 85-минутта шабуылшы Брайан Бробби мергендігімен көзге түсті. Жартылай қорғаушы Эдсон Альварес 90-минутта матчтың нүктесін қойды.

Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда «Аякс» 82 ұпай жинап, ПСВ-дан 4 ұпайға озып кетті. Осылайша, амстердамдық клуб өз тарихында 36-шы рет Голландия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×