“АЗ Алкмаар” кезекті турда “Аякспен” ұпай бөлісті

24.01.2012, 03:36
“АЗ Алкмаар” кезекті турда “Аякспен” ұпай бөлісті
Футболдан Голландия біріншілігінің  көш басшысы “АЗ Алкмаар” кезекті турда “Аякспен” ұпай бөлісті. Биылғы маусымды сәтсіз бастаған амстардамдық клуб әзірге  4-орында келеді. Кездесуді алма-кезек шабуылмен бастаған қос команда да көпке дейін есеп ашпады. Шабуындан көрі қорғанысқа баса мән берген алаң иелерінің алғы шептегі ойыны жүрмеді. Дегенмен алғашқы таймның соңында “Алкмаар” алға шықты. Айып добын шебер орындаған Расмус Эльм жанкүйерлерді бір желпіндіріп тастады. Қонақтар тек 75-минутта таразы басын теңестіруге қауқары жетті. Симон Поульсеннен кейін серпілген доп қақпа торында тулады. Авто гол жіберіп алған алаң иелері қалған уақытта қанша тырысқанымен жеңіс добын соға алмады.Ал осы турдағы өзге кездесуде “ПСВ” сыр алаңда “Утрехтты” ұта алмады. Мұндағы есеп 1:1.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×