“Шальке” мен “Боруссия” мюнхендіктермен ұпайын теңестіріп алды

24.01.2012, 03:36
“Шальке” мен “Боруссия” мюнхендіктермен ұпайын теңестіріп алды
Бундеслиганың 18-туры чемпиондық бәсекені одан әрі шиеленістіре түсті. Мәселен турнир кестесінде көш бастап тұрған “Баварияның” сыр алаңдағы сәтсіздігін тиімді пайдаланған “Шальке” мен “Боруссия” мюнхендіктермен ұпайын теңестіріп алды. Мюнхенгладбах қаласында жергілікті “Боруссиямен” кездескен “Бавария” татымды ойын көрсете алмады. Алғашқы минуттан  ширақ қимылдаған алаң иелері көп ұзамай есеп ашты. Мюнхендік қақпашы Мануэль Нойердің айып алаңнан допты шығарудағы өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Марко Ройс бос қақпаны дәл көздеді. Алғашқы таймның соңына қарай қорғаушыларды қапыда қалдырған Патрик Херманн Нойер қақпасынан саңлау тапты. Үзілістен кейін “Боруссия Парк” стадионына жиылған жанкүйерлер Херманның екінші голына куә болды. Тек үш гол жіберіп алғаннан кейін ғана есін жиған қонақтар жалғыз доппен ғана жауап қайырды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×