Реал 19-шы турда Бильбаоның Атлетик командасын қабылдады

24.01.2012, 03:34
Реал 19-шы турда Бильбаоның Атлетик командасын қабылдады
Испания чемпионатының көшбасшысы Реал 19-шы турда Бильбаоның Атлетик командасын қабылдады. Матч қонақтар үшін сәтті басталды. 
13-ші минутта қарымта шабуылдан күш алған орталық қорғаушы Хавьер Мартинес алғы шептегі командаласы Фернандо Льорентеге пас шығарды. Атлетик шабуылшысы қақпашы Икер Касильясты қапы қалдырып, есеп ашты. Корольдік клуб 25-ші минутта қарымта қайтарды. Криштиану Роналду мен Кәрім Бензема арқылы басталған шабуылға дем берген Марсело тамаша ойын өрнегіп көрсетіп таразы басын теңестірді. Екінші таймда алаң иелері тізгінді өз қолдарына алды. Бірден іске кіріскен Роналдуды қорғаушылар шалып тоқтатты. Португал футболшысы пенальтиден мергендік танытып есепті еселеді. Матчтың 66-шы минутында төреші тағы Реалдың пайдасына шешім шығарып, алаң иелеріне он бір метрліктен айып добын тебуге мүмкіндік берді. Пенальти соққысының шебері Роналду бұл жолы да мүлт кетпеді. Алаңдағы басымдықты дәлелдей түскен Мадрид футболшылары 86-шы минутта кезекті шабуылды нәтижелі аяқтады. Алаңға тыңнан қосылған Хосе Кальехон белсеніп, ойынға нүкте қойды. Қорытынды есеп:4:1. Реал 49 ұпаймен топ бастауда. Олардың басты қарсыласы Барселона дәл осындай есеппен Малаганы жеңді. http://khabar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×