БАУРЖАН ДЖОЛЧИЕВ: «ДОСТАСТЫҚТЫ ЖЕҢУ ҚОЛДАН КЕЛЕДІ»

23.01.2012, 21:59
БАУРЖАН ДЖОЛЧИЕВ: «ДОСТАСТЫҚТЫ ЖЕҢУ ҚОЛДАН КЕЛЕДІ»
Отандастарымыздың Достастық кубогындағы екінші жеңісінен кейін «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев әңгімеге тартылды. - Командада ішіндегі көңіл-күй қалай? - Көңіл күй тамаша. Жігіттер кез келген сәтте бірін-бірі сүйемелдеп, көмектесуге дайын. Жеңіске де бір команда болып ұмтыламыз. - Алдарыңа қойылған нақты жоспар бар ма? - Алаңға қадам басар алдында бір-ақ мақсатпен шығамыз – жеңу деген. Достастық кубогын жеңу қолдан келеді. - Ресеймен өткен ойында бірқатар белді ойыншылар алаңға шыға алмапты, кедергі содан болды ма? - Иә, оң нәтижеге жетуге болар еді. Алайда мүлдем қажетсіз допты өткізіп алып жағдайымызды қиындатып алдық. Бірақ күнәні өзімізден іздеуге тиіспіз деп ойлаймын. Өйткені төрешілер жұмысын мінсіз атқарды. - Қай елмен ойнау қиынырақ болды: Түркменстанмен ба әлде Эстониямен ба? - Командаларды Францияның немесе Англияның деңгейімен салыстыруға келмес. Сондықтан түгеліміз деңгейлес командалармыз деп санаймын. Келген құрамалардың әрқайсысы да жақсы өнер көрсетіп жүр. Кез келгені ойнауға қызықты жақсы қарсылас. - Топтық кезеңде өнер көрсеткен командаластарыңның арасында ерекше көзге түсе алғандар бар ма? - Ешқайсысын де бөліп жара айта алмас едім. Өйткені біздің құрамымыздағы әр ойыншы атқаратын мәндеті бар. - Өз клубыңызға қашан қосыласыз? - Достастық кубогы аяқталғаннан кейін, 1 ақпанға межеленген екінші оқу-жаттығу жиындарына үлгерсем деп отырмын. - Сізге украиналық бір команданың көзі түсіп жүр екен. Олардың қызығушылығына не дейсіз? - Ойыныма қызығушылық танытып жүр екен. Бірақ бүгінгі күні мен «Тобыл» сапындағы ойыншымын. Келісімшарт 2013 жылдың соңына дейін есептелген. Деңгейі жоғарырақ чемпионатта кім ойнағысы келмейді дейсіз. Ұсыныс болып жатса кез келген ойыншы да бас тартпас еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×