“Қайрат” – дайындықты пысықтауда +видео

23.01.2012, 20:33
“Қайрат” – дайындықты пысықтауда +видео

Қазақстандық клубтардың көпшілігі қазір Түркия жерінде жаңа маусымға дайындалуда. Солардың бірі алматылық “Қайрат” та Анадолы жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келді. Бірінші жиынға команда жаңадан ойыншылар шақыртып, өзге елдің командаларымен жолдастық кездесулер өткізді.

3 аптаға жуық уақыт Анталья қаласында жиында болған «Қайрат» 21 қаңтар күні Алматыға қайта оралды. Енді Дмитрий Огай бастаған аяқдопшылар қаңтардың 27-сі күні Түркияға қайта кетеді. Бұл жиын ақпан айының 10-жұлдызында аяқталуы тиіс. Үшінші жиын болса ақпан айының орта шеніне жоспарланған. Осы орайды біз жанкүйер қауымға «Қайраттың» алғашқы дайындық кезеңінде болған жаңалықтармен таныстыра кетсек.

Бірінші жиында «Қайрат» Түркияның «GMG», «Пазарспор», ресейлік «Мордовия», «Факел» командаларымен күш сынасты. «GMG» командасымен болған кездесуді алматылықтар 2:0 есебімен жеңді. Голдардың авторы командада байқауда жүрген Неманья Йованович пен Кристос Бланк болды. Одан кейінгі «Морловияға»қарсы өткен кездесуді «Қайрат» дәл осындай 2:0 есебімен аяқтады. Бірақ, бұл жолы жерлестеріміз жеңілуге мәжбүр болды. Қақпаға белгіленген қос пенальти Огай шәкірттерін тырп еткізбеді.

Одан кейін алматылық аяқдопшылар Воронеж қаласының командасы “Факелмен” жолдастық кездесу өткізді. Қазақстандықтар бұл ойында 2:1 нәтижесімен жеңіске жетті. Голдардың авторы Иосип Кнежевич және Руслан Мансуров. Қарсылас команда тек матчтың 89 минутында пенальтиден есепті теңестірді. Ресейліктер сапынан көзге түскен Шишелов болатын.

Ермұхамед ТАМА

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×