Азамат Айтхожин Валиуллиннің допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады

09.09.2021, 18:55
Азамат Айтхожин Валиуллиннің допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин "Тобыл" қорғаушысы Руслан Валиуллиннің допинг сынағына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "РИА-Новости" басылымы.

- Конференция лигасында "Жилинамен" өткен қарымта матчтан (12 тамыз) кейін, "Тобылда" ойнайтын Валиуллин допинг-тесттен өтті, нәтижесінде денесінен тыйым салынған зат анықталды. Біз футболшымен сөйлестік, оның айтуынша, бұл тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген витаминдер. Ол мұны білмегенін айтты.

Клуб ресми құжат дайындап жатыр, бірақ ұлттық құраманың бұған еш қатысы жоқ. Бұл клуб туралы әңгіме. Құжат (допинг-тест туралы) бізге 2 қыркүйекте, яғни Украинамен болған матчтың ертесіне келді. Бұл ойында Валиуллин бұлшықет жарақатын алды, сондықтан ұлттық құраманың келесі кездесулеріне қатыспады. Ол команданың құрамында болды, бірақ жарақатынан айығу үшін емделді. Қазір Валиуллин клубтың орналасқан жерінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×