"Қайсар" қорғаушысы Бағдат Қайыров клубтан кетуге жақын, деп хабарлайды журналист Ербол Қайыров
Қорғаушы ҚПЛ клубтарының бірімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Қорғаушының тіпті жаңа командамен алдын-ала келісімшарт жасасқандығы туралы да ақпарат бар. Алайда бұл өз тәрбиеленушісін қайтарғысы келетін "Ақтөбе" емес.
Соған қарамастан, "Ақтөбе" әмбебап қорғаушыны алу үшін таласып көреді. Бағдат "Қайсарда" негізгі қорғаушы болғанына қарамастан клубтан кетуді жоспардап отыр. Ол осы маусымда "қасқырлар" үшін 17 матчқа қатысты.
Біздің серіктес: FONBET