Байқауға қатыс, "Барсаның" формасын жеңіп ал!

11.02.2015, 01:02
Байқауға қатыс, "Барсаның" формасын жеңіп ал!
kVj5UZOFRxQ"Аладоп.кз" сайты көптеген қалың оқырманның сұранысы бойынша тағы бір мәрте байқау ұйымдастырғалы отыр. Бұл жолғы басты сыйлық "Барселона" футбол командасының жейдесі. Айта кетуіміз керек, сайт оқырмандарына бұл сыйлықты футбол комментаторы Елдос Сапарғали ұсынып отыр. Ол өзінің кезекті іс-сапарында Испаниядан осы жейдені тарту ретінде әкелген болатын. Енді нағыз каталония ордасынан келген жейдені сіз де жеңіп алуыңыз ықтимал. Ол үшін "Аладоп.кз" сайтында ақпан айының 10-23-жұлдызы аралығына дейін болатын байқаудан жеңіп алуға мүмкіндігіңіз бар. Бұл жолы сайт бетіндегі мақалаға үздік пікір қалдырған жеңімпазды сыйлық ұсынып отырған Елдос Сапарғалидің өзі анықтайтын болады. Ол жейдеден бөлек, тағы екі жақсы пікірге бағалы сыйлықтарымыз да бар. Ендеше, пікірлеріңізді қатесіз, тұщымды әрі мәнді қылып жазыңыздар, ағайын!

"Аладоп.кз" сайтының ұжымы

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×