Франциялық «ПСЖ» футбол клубының қорғаушысы Тьяго Силва матчтың алдында жаурап тұрған балаға өзінің сырт киімін сыйға тартты.
«Лионға» қарсы кездесудің басында футболшылар қол алмасып жатқан сәтте Силва тоңып тұрған жеткіншекке үстіндегі сырт киімін жауып кетті.
Ал матчтың өзіне тоқталар болсақ, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.