«Бёрнли» бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің төртінші турындағы «Мидлсброға» қарсы өткен матчтан (1:1) кейін Дастан Сәтпаевтың өнері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл кездесуде Сәтпаев тағы бір мәрте жарқын ойын көрсетіп, «матчтың үздік ойыншысы» атанды. Ники Хайеннің айтуынша, Дастанның командаға қосатын үлесі орасан зор.
Жаттықтырушы Сәтпаевтың ойынға үлкен көлемдегі энергия мен қарқын әкелетінін ерекше атап өтті.
Хайен үшін футболшының жасы басты рөл атқармайды.
«Сізге 18 немесе 35 жас болсын, егер сіз ойынға энергия мен қарқын берсеңіз, әрдайым алаңға шығасыз.» – деді ол.
Қазіргі таңда клуб жас таланттар мен тәжірибелі ойыншылар арасындағы теңгерімді іздеуде. Тәжірибелі футболшылар жастарға жол көрсетіп, жеңіске жетудің жолын үйретсе, Дастан сияқты жас ойыншылар өздерінің жалындаған энергиясымен қарттарға үлгі болуда.
Ники Хайеннің пайымдауынша, осындай энергия мен тәжірибенің ұштасуы «Бёрнлиді» мықты командаға айналдырады. Сәтпаевтың бұл қарқыны команданың алдағы ойындарындағы табысының кепілі болмақ.