Барош ұлттық құрамадан кетті

23.06.2012, 04:35
Барош ұлттық құрамадан кетті
Чехия ұлттық құрамасының және түркиялық «Галатасарай» командасының шабуылшысы Милан Барош өзінің ұлттық құрамадан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлап отыр. Ширек финалдағы Португалиямен болған ойын Бароштың ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болды. М. Барош Чехия футбол тарихында екінші болып мергендер көшін бастап келе жатқан шабуылшы болатын. Ұлттық құрама жейдесін кигелі қарсылас қақпасында 41 допты тулатқан екен. Ал бұл Еуропа чемпионатында Бароштың жолы болмады десек те болады. Тіпті Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында да қарсылас қақпасының саңылауын таппаған екен.  

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×