Барсегян соққан гол «Астанаға» үш ұпай сыйлады

28.04.2021, 23:53
Матч тағдырын бір гол шешіп кетті.
Барсегян соққан гол «Астанаға» үш ұпай сыйлады

Елордалық "Астана" Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында оралдық "Ақжайықпен" кездесті. Матч "Астана Аренада" өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 6-минутта Тигран Барсегян соқты. Ал нәтижелі пасты Марин Томасов өз еншісіне жазды. "Ақжайық" қорғаныста жатып алмай, есепті теңестіруге тырысты. Бірақ бұл әрекетінен нәтиже шықпады.

Андрей Тихонов баптайтын "Астана" командасы 20 ұпаймен көш бастауын жалғастыра бермек. Қоржынында 9 ұпайы бар "Ақжайық" сегізінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×