Mundo Deportivo ақпаратына сәйкес, «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Артур Рамос "Барселона" үшін Чемпиондар лигасында ойнаудан бас тартқан болатын. Осы себепті ойыншыға "Камп Ноуға" кіруге тыйым салынды.
Бразилияға жасаған сапарынан кейін командамен жаттығуға оралғысы келмеген Артур «Наполимен» матчты көргісі келді, бірақ стадионға кіруге тыйым салынды.
Жақын арада Артур мен "Барселонаның" спорт директоры Эрик Абидаль арасында кездесу жоспарланған. Тараптар келісімшарт жайлы мәселені шешкісі келеді.
Еске салайық, «Барселона» 23 жастағы Артурды «Ювентусқа» 72 миллион еуроға сатты. Туриндік клубтың босниялық жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич керісінше каталондықтарға 60 миллион еуроға кетті. Артур Бразилияға ұшып кеткен болатын және Чемпиондар лигасында "Барселона" үшін ойнаудан бас тартты.
Біздің серіктес: FONBET