«Барселона» бразилиялық шабуылшыны қатарға қоспақ

28.03.2022, 01:35
Футболшының агенті Деку кезінде «Барселонаның» намысын қорғаған.
«Барселона» бразилиялық шабуылшыны қатарға қоспақ

«Лидс Юнайтедтің» шабуылшысы Рафинья «Барселонамен» жеке келісім-шарт мәселесін талқылап үлгерді, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің мәліметінше, тараптар бес жылдық келісім-шарт бойынша нақты мәмілеге келген. Рафинья 2022 жылдың жазында басқа клубтардың ұсынысын елемей, «Барселонаға» ауысу туралы шешім қабылдады.

Рафиньяның келісім-шартында екі түрлі өтемақы мөлшері қарастырылған екен. «Лидс» Премьер-лигада қалса, ойыншының трансферлік құны 75 миллионды, ал Чемпионшипке түскен жағдайда 25 миллион еуроны құрамақ. Сондықтан «Барселона» ұсыныс жасамай отыр. Дәл қазіргі сәтте «Лидс» АПЛ турнирлік кестесінде 29 ұпаймен 16-орында тұр.

Еске салайық, Рафинья «Лидске» 2020 жылдың қазан айында «Лидс» франциялық «Реннен» ауысқар еді. Бұған дейін 25 жастағы бразилиялық футболшы португалиялық «Спортинг» және «Витория Гимараеш», сондай-ақ бразилиялық «Авай» клубтарында ойнаған.

Рафинья осы маусымда Премьер-лиганың 27 ойынында 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бразилиялық футболшының англиялық клубпен келісім-шарты 2024 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×