Мемфис Депай мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

28.03.2022, 01:20
Хави келгелі Депай қосалқы құрамның ойыншысына айналды.
Мемфис Депай мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

«Барселонаның» шабуылшысы Мемфис Депай мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Дереккөздің хабарлауынша, 28 жастағы голландиялық футболшының қызметіне «Тоттенхэм Хотспур» қызығушылық танытып отыр. Депайға «Ювентус» пен «Милан» да көз тігіп отыр, дегенмен, лондондық басты үміткер болып саналуда.

Еске салайық, Депай «Барселона» сапында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетуде. Шабуылшы осы маусымда Ла Лигада 20 ойынға қатысып, 10 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Ал «Барселона» 28 ойында 54 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 3-ші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×