«РБ Лейпцигтің» жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо «Барселонаның» 2023 жылға арналған трансферлік мақсаты болып табылады, деп хабарлайды AS.
Футболшыны сатып алуға клуб басшылығы да, каталондықтардың юас бапкері Хави де қызығушылық танытып отыр. Келесі жылы ойыншының «Лейпцигпен» келісім-шартының аяқталуына бір жыл қалады, ал «Барселона» трансферге неғұрлым аз ақша төлеуді көздеп отыр. Өткен жазда германиялық клуб Ольмо үшін шамамен 60 миллион еуро сұраған болатын.
Айта кетейік, Ольмо «Барселона» академиясының түлегі болып табылады.
Осы маусымда футболшы «РБ Лейпциг» жейдесінде 18 ойынға қатысып, 3 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET