«Барселона» - Испания Кубогінің иегері

18.04.2021, 10:14
Каталониялық клуб 12 минут ішінде «Севилья» қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.
«Барселона» - Испания Кубогінің иегері

"Барселона" Испания Кубогінің финалында "Атлетикпен" кездесті. Матч Севильядағы "Эстадио-де-ла Картуха" стадионында өтіп, 4:0 есебімен каталониялық клубтың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда ешқандай гол тіркелген жоқ, бірақ екі командада да тамаша мүмкіндіктер болды. Қызықтың бәрі екінші таймда басталды. 60-минутта "Барселонаның" шабуылшысы Антуан Гризманн қақпашымен жеке-дара шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Үш минуттан кейін Жорди Альбаның пасын ұтымды пайдаланған Фрэнки Де Йонг есепті еселеді.

"Барселона" матчта үстемдік етуін жалғастыра берді және тағы екі гол соғып кетті. Лионель Месси 68 және 73-минуттарда айып алаңының сыртынан екі рет қақпаның сол жақ бұрышына соққы жасап, дубль авторы атанды.


Осы жеңістің арқасында "Барселона" өз тарихында 31-ші рет Испания Кубогінің иегері атанды. Бұл турнирдегі рекордтық көрсеткіш. Одан кейін 23 кубогі бар "Атлетик" келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×