Владислав Васильев БАТЭ қақпасына гол соқты

18.04.2021, 17:34
Бұл матчқа қос бірдей қазақстандық футболшы негізгі құрамда шықты.
Владислав Васильев БАТЭ қақпасына гол соқты

«Энергетик-БГУ» Беларуссия чемпионатының бесінші туры аясында сырт алаңда 1:2 есебімен БАТЭ-ге есе жіберді. Алаң иелері сапында Станислав Драгун (21', 23') қос голды өз еншісіне жазды

«Энергетик-БГУ» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев алаңға негізгі құрамда шығып, матчты толығымен өткізді. Кездесудің 30-минутында ол пенальтиді сәтті орындады. Жалпы, Васильев осы маусымда 5 матч өткізіп, 2 гол соқты.


Бұл матчта қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зульфикаров та негізгі құрамда шығып, 32-минутта алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

Бес турдан кейін «Энергетик-БГУ» Беларуссия чемпионатында 4 ұпаймен 12-ші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×