Томас Тухель Англия Кубогінде рекорд орнатты

18.04.2021, 06:29
Тухель шәкірттері турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Томас Тухель Англия Кубогінде рекорд орнатты

Англия Кубогінің жартылай финалдық матчында лондондық "Челси" "Манчестер Ситиден" басым түсті. Кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 55-минутта Хаким Зиеш соқты.

OptaJoe статистикалық порталының хабарлауынша, Томас Тухель өз командасын Англия Кубогінің финалына алып шыққан алғашқы неміс бапкері атанды.

Одан бөлек, Томас Тухель өзінің бапкерлік мансабында Гвардиоланы алғаш рет жеңді. Неміс маманы бұған дейін дәл осы Гвардиоланың командасынан төрт рет жеңіліп, бір рет тең түскен еді.

"Челси" Англия Кубогінің финалында "Лестер Сити" - "Саутгемптон" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×