«Қайсар» қазақстандық қорғаушымен толықты

18.04.2021, 06:15
Футболшы соңғы бес жылын «Ордабасы» сапында өткізді.
«Қайсар» қазақстандық қорғаушымен толықты

26 жастағы қорғаушы Ұлар Жақсыбаев "Қайсармен" жыл соңына дейін келісім-шарт жасасты.

Ұлар бұған дейін "БИІК", "Қыран", "Ордабасы" сынды клубтардың намысын қорғаған. Айта кетейік, Жақсыбаев 2016 жылы "қасқырлар" сапында доп теуіп, Бірінші лига жеңімпазы атанған.

Жақсыбаев 2015 жылдан бері "Ордабасының" жастар командасы мен негізгі командасында өнер көрсетті. Жылпы шымкенттік клуб сапында 28 матч өткізген.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×