Ханс-Дитер Флик маусым соңында «Бавариядан» кетеді

18.04.2021, 04:42
Бұл туралы бас бапкердің өзі хабарлады. Ол Германия құрамасын жаттықтыруы мүмкін.
Ханс-Дитер Флик маусым соңында «Бавариядан» кетеді

"Бавария" командасының бас бапкері Ханс-Дитер Флик "Вольфсбургпен" (3:2) болған матчтан кейін клубпен келісім-шартты бұзғысы келетіндігін мәлімдеді.

"Мен бүгін командаға келісім-шартты маусым соңында тоқтатқым келетінін айттым. Мен жазда келісім-шартты бұзғым келеді, бұл факт. Бұл туралы ойыншыларға жеке өзімнің айтуым маңызды болды. Мен басшылыққа Чемпиондар Лигасындағы жорығымызды аяқтағаннан кейін кететінімді айттым. Маған осы керемет команданы жаттықтыруға мүмкіндік бергені үшін басшылыққа алғыс айтамын", - деді Флик.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, "РБ Лейпцигтің" бас бапкері Юлиан Нагельсманн Фликтің орнын басатын негізгі үміткер ретінде қарастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Флик 2019 жылдың қарашасында "Бавария" командасының бас бапкері болды. Бұл маманның басшылығымен мюнхендік клуб Германия чемпионы атанды, Германия Кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды, Чемпиондар Лигасында топ жарды, сонымен қатар УЕФА Суперкубогі мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×