"Барселона" клубының басшылығы жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньодан құтылғысы келеді. Бұл туралы El Nacional басылымы хабарлады.
Клуб басшылығы бразилиялықты "Ливерпульге" жібергісі келеді, ал футболшының өзі Англияға қайта оралуға қарсы емес, бірақ Юрген Клопп мұндай трансферге үзілді-кесілді қарсы болып, бұл ойын мерсисайдтық клубтың басшылығына хабарлап қойған. Коутиньоның "Барселонаға" ауысар алдындағы әрекетінен Клопптың көңілі қалған екен.
Еске салайық, Коутиньо "Барселонаға" 2018 жылы "Ливерпульден" 135 миллион еуроға ауысқан болатын. 2020/2021 жылғы маусымда Филиппе каталондық клуб үшін тек 14 матч өткізіп, үш гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды. Коутиньоның "Барселонамен" келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жаиамды. Transfermarkt бразилиялық футболшының құнын 30 миллион еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET