"Барселона" шайқасып жүріп финалға жолдама алды

08.02.2017, 09:26
"Барселона" шайқасып жүріп финалға жолдама алды
"Атлетикоға" қарсы ойында Луис Суарес "блауграна" сапында алғаш рет алаңнан қуылды. Матчтың бірінші голын бірінші тайм аяқталуға екі минут қалғанда "Барселона" соқты. Бірнеше қарсыласты айналып өтіп Месси қақпаға соққы бағыттаған. Аргентиналықтың бағыттаған добын қақпашы қайтарғанымен, қақпа маңынан Луис Суарес табыла кетіп, ашық қалған бұрышты дәл көздеп, командасын алға шығарды. Қонақтардың бар күші екінші таймда есепті теңестіруге ғана жетті. Ойынға тыңнан қосылған Гамейро отандасы Гризманның пасынан кейін мергендік танытты. Матч аяғына дейін тиімді есепті ұстап тұрған "Барселона" Испан кубогының финалына жолдама алды. Айта кету керек, "Камп Ноудағы" матчта алаңнан үш бірдей футболшы қуылды. Алаң иелері сапынан Роберто мен Луис Суарес ойынды аяғына дейін аяқтай алмаса, "Атлетикода" Карраско демалысқа ерте аттанды. "Барселона"-"Атлетико" 1:1(1:0), алғашқы матч-2:1 Голдар: Л.Суарес 43-Гамейро 83 Алаңнан қуылды: Роберто 57, Л.Суарес 90- Карраско 69      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×