"Барселона" президенттігіне үміткер Эмили Руссо "Камп Ноу" стадионынына Лионель Мессидің есімін беруді жоспарлап отырғанын айтты.
"Біз стадионның атауын "Камп Ноу Лео Месси" деп өзгерту үшін референдум өткіземіз", - деді Руссо Goal.com сайтына берген сұхбатында.
Өткен жазда Месси каталондық клубпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға тырысты. Шабуылшы командадағы жағдайға қанағаттанбағаны үшін басшылықпен жанжалдасып қалды, бірақ ақыр соңында келісім аяқталғанға дейін "Барселонада" қалу туралы шешім қабылдады.
Аргентиналық футболшы "Барселона" сапында 2000 жылдан бері доп теуіп жүр. Команда құрамында ол 10 дүркін Испания чемпионы және төрт дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында Месси 8 кездесуге қатысып, 3 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET