"Барселона" клубы Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Педримен келісім-шартты ұзарту туралы нақты мәмілеге келді, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Жаңа келісім-шартқа сәйкес Педридің өтемақы құны 1 миллиард еуроны құрайды. Бұл өз кезегінде "Барселона" үшін рекордтық мәміле болып саналады. Қос тарап бес жылға есептелген жаңа келісім-шартқа осы аптада қол қояды.
Айта кетейік, Педри "Барселона" мен Испания ұлттық құрамасындағы керемет маусымынан кейін Golden Boy жүлдесіне үміткерлердің тізіміне енді.
Біздің серіктес: FONBET