Қос футболшы Қазақстан құрамасындағы 20-шы матчын өткізді

13.10.2021, 22:47
Бірі сегіз гол соқса, екіншісі гол соға алмай келеді.
Қос футболшы Қазақстан құрамасындағы 20-шы матчын өткізді

23 жастағы мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Финляндияға қарсы кездесуде (0:2) Қазақстан құрамасындағы 20-шы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Тараз футболының тәрбиеленушісі Қазақстан құрамасындағы дебютін 2018 жылы 23 наурызда Будапештте Венгриямен болған жолдастық кездесуде (2:3) жасады. Ол негізгі құрамда шығып, 10 минуттан кейін алғашқы голын соқты.

Зайнутдинов осы уақыт аралығында 8 гол соғып үлгерді. Ол Қазақстан құрамасындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.

26 жастағы польшалық «Висла» клубының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Финляндия құрамасына қарсы кездесуде (0:2) Қазақстан құрамасында 20-шы матчын өткізді.

Бельгия футболының тәрбиеленушісі Георгий Жуков Қазақстан құрамасындағы дебютін 2015 жылы 31 наурызда Химкиде Ресейге қарсы жолдастық кездесуде (0:0) жасады. Ол негізгі құрамды шығып, 86-минутта ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×