Нұр-Сұлтандағы орталық стадион бұзылып, орнына жаңасы салынады

13.10.2021, 19:22
Бұл стадион апаттық жағдайда деп танылды.
Нұр-Сұлтандағы орталық стадион бұзылып, орнына жаңасы салынады

Нұр-Сұлтандағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылды. Ғимарат пен трибуна толық қиратылып, орнына жаңа кешен салынады. Бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл стадионның салынғанына 85 жыл. Спорт кешені 1936 жылы ашылған. Бұған дейін атауы сегіз рет ауысып, 1986 жылы Мұңайтпасов есімі берілген. Стадионға 12 250 көрермен сияды. 

Нұр-Сұлтанның әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылы маусымда стадион апаттық жағдайда деп танылған. 

«Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апатты деп танылғандықтан, бүгінде жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Спорт кешені эскиздік жобаны әзірлеу сатысында», - деді әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері. 

Әкімдік өкілдері бұл жай жөндеу жұмысы немесе реконструкция емес екенін айтады. Ғимарат пен трибуна толығымен бұзылып, орнына жаңа стадион салынады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×