Люка Эрнандес жарты жылға бас бостандығынан айырылмақ

14.10.2021, 15:13
Футболшы сот үкімін орындамаған екен.
Люка Эрнандес жарты жылға бас бостандығынан айырылмақ

«Бавария» мен Франция құрамасының ойыншысы Люка Эрнандес қазіргі әйелі Амелия де ла Оса Лорентеге жақындағаны үшін алты айға бас бостандығынан айырылады. Бұл ақпарат Мадрид Жоғарғы Сотының баспасөз релизінде жарияланды.

2017 жылы Люка өзінің сүйіктісі болған де ла Оса Лорентені соққыға жыққан. Жергілікті сот зорлық-зомбылық оқиғасы бойынша тиісті істі қарап, футболшыны 31 тәулікке қоғамдық жұмыстарға жегу және қызға жақындауға тыйым салу туралы үкім шығарды.

Ерлі-зайыптылар кейін қайта қосылды, 2017 жылы олардың үйлену тойы өтті. Соған қарамастан, Лукастың Амелияға жақындауына салынған тыйым өз күшін жоймады, ол жаздағы демалысты Амелиямен бірге өткізді. Сот мұны үкімге қарсы шығу деп есептеп, алты айға бас бостандығынан айырды.

AS порталы хабарлағандай, футболшы бұл шешімге апелляциялық шағым түсіріп үлгерді, оның қаралымы 19 қазанда өтеді. Эрнандес сот отырысына тікелей қатысуды жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×