«Милан» 38 жастағы қақпашымен толықты

14.10.2021, 15:43
Қақпашы жарақат алған Меньянды алмастыру үшін келді.
«Милан» 38 жастағы қақпашымен толықты

"Милан" 38 жастағы қақпашы Антонио Мирантемен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды римдік клубтың баспасөз қызметі. Келісім-шарт маусым соңына дейін есептелген.

Миранте мусым айында «Ромамен» келісім-шарты аяқталғаннан кейін еркін агент атанды. Қақпашы "Специя" клубымен де келіссөздер жүргізді. Миранте бұған дейін "Кротоне", "Ювентус", "Сампдория", "Парма" және "Болонья" клубтарында ойнаған.

"Миланның" негізгі қақпашысы Мик Менян жақын арада командасына көмектесе алмайды. Француз футболшысы қолын жарақаттап алғандықтан ота жасатуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×