«Қайраттың» «Карабахпен» болатын матчына Камо Оганесян қатыспайды

14.10.2021, 18:52
Ол Әзірбайжанға баратын футболшылар тізімінде жоқ.
«Қайраттың» «Карабахпен» болатын матчына Камо Оганесян қатыспайды

«Қайраттың» армениялық футболшысы Камо Оганесян Конференция лигасының топтық кезеңі аясында «Карабахқа» қарсы өтетін матчқа қатыспайды. Бұл туралы Report порталы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, «Қайраттың» Бакуге ұшып келетін ойыншыларының тізімінде Оганесянның есімі жоқ. Өйткені «Карабахта» армениялық ойыншыға жанкүйерлер тарапынан қысым болуы мүмкін деген қорқыныш болып, «Қайратқа» Камоны әкелмеуді өтінген және алматылықтар жағдайға түсіністікпен қарапты.

Еске сала кетейік, Конференция лигасы топтық кезеңінің аясындағы «Карабах» — «Қайрат» матчы 21 қазан күні Бакудегі Тофиг Бахрамов атындағы Республикалық стадионда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×