Қазақстандықтар әлемдік жұлдыз Неймармен бірге футбол ойнай алады!

14.10.2021, 20:37
Ойынның ережесі ерекше екен: қақпашы болмайды және әр гол сайын бір ойыншы шығып отырады.
Қазақстандықтар әлемдік жұлдыз Неймармен бірге футбол ойнай алады!

Қазақстанда көше футболының халықаралық дәстүрлі жарысы – Red Bull Neymar Jr’s Five-тың жаңа маусымы басталды. Катарда өтетін қорытынды сайысқа Қазақстанның атынан бір ғана команда қатысады. Жеңімпаздар бразилиялық чемпионмен кездесіп, бірге футбол ойнау мүмкіндігіне ие болады! Red Bull Neymar Jr’s Five – әлемдік жұлдыз Неймардың авторлық турнирі, ол жерде әртүрлі елдің ойыншылары бас қосып, бәрінің ортақ құмарлығы – футболдың қызығына кіріседі. Ол өте серпінді, шеберлікке құрылған, қызықты жарыс. 

Алғашқы турнир 2017 жылы өтті. Қазіргі кезде сұрыптау сайыстары әлемнің 60 елінде өтеді, оған 400 мыңнан аса адам қатысады. Бұл жарыс, аула футболын жақсы көретін жұрттың бәрі білетін, қарапайым ережелерден тұрады, ойыншыларға да осы жағы ұнайды. Неймардың өзі:   

– Бұл өте жылдам ойналатын, шеберлікке құрылған ойын. Өзім баяғыдан дәл осы стильді жақсы көремін. Биылғы турнирде үйреншікті ережелерге аздап өзгеріс енгіземіз: командалар өз қақпасына гол өткізіп алған сайын, бес ойыншысының біреуінен айрылады. Сөйтіп, команда құрамындағы ойыншылардың бәрі шығып қалғанша немесе 10 минуттық ойын аяқталғанша жалғаса береді, – дейді Неймар.

Команданың құрамында небәрі 5 негізгі ойыншы, 2 қосымша ойыншы болады. Ойын қақпашысыз өтеді. Бұл жағдай әр матчқа қосымша серпін беріп, қызықтылығын арттырады. Тағы бір айтарымыз, бұл жарысқа Қазақстанның 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.

Қазақстандық сұрыптау ойындары қазан айының 9 мен 23-нің аралығында, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында өтеді.   

Red Bull Neymar Jr’s Five-тың 2021 жылғы 30 қазанда, Алматы қаласында өтетін ақтық сайысында 8 команда күш сынасады.

Байланыс нөмірі: 

+7 701 104 9854 

Нәзира Елтай 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×