«Тараздың» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек өзінің инстаграмында «Жетісуға» қарсы матчтағы төрешілердің шешімдеріне эмоционалды түрде жауап берді (0:2).
«Төреші матчтың үздік ойыншысы болған кезде футбол ойнау қиын. Айтарға сөзім жоқ, барлық эмоциялар бір фотода», - деп жазды Тұрысбек.
«Таразға» (2:0) қарсы «Жетісудың» екі голы да 11 метрлік айып добынан соғылды. Сегіз матчтан кейін Владимир Никитенконың шәкірттері Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET