Бауыржан Жолшиев мәселесі

15.02.2017, 22:18
Бауыржан Жолшиев мәселесі
Бауыржан Жолшиев мәселесі «Ақтөбе» ФК бас директоры Мақсат Тумалиев Бауыржан Жолшиевтың мәселесі жайлы айтып берді. Ақпан айының басында Жолшиевтың «Ақтөбе» клубымен жаттығып жүргені белгілі болды. Ал бас директордың айтуынша, қазір футболшы команда жиынынан кетіп, болашағы жайлы ойлану үстінде. «Бауыржан бізге күтпеген жерден келді. «Ақтөбеге» ойнауға дайынмын деді. Біз онымен қаржы мәселесін талқылап үлгермедік. Ол жаттығуға бірден кірісіп кетті. Содан соң клубтың қаржы мүмкіндігін айттық. Бауыржан ойланып, керек адамдармен ақылдасатынын айтты. Бұл мәселе бойынша басқа қосарым жоқ», - деді Тюмалиев. Айта кетейік, Жолшиев өткен маусымда алаңға шықпады. Жазда «Ертіс» клубымен келіссөздер жүргізген. Ал «Астана» командасының ұсынысын қаржы мәселесіне байланысты қайтарған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×