ПСЖ президенті: «Біз әлемдегі ең мықты ұжымды ұттық»

15.02.2017, 22:14
ПСЖ президенті: «Біз әлемдегі ең мықты ұжымды ұттық»
ПСЖ-ның президенті Нассер Аль-Хелаифи Чемпиондар лигасының 1/8 финалының «Барселонаға» (4:0) қарсы жеңісті ойыннан кейін өз пікірімен бөлісті. «Бұл ойында жеңіске жету өте маңызды. Біз әлемдегі ең мықты ұжымды ұттық. Бұл керемет жеңіс бодлы. «Барселонаны» 4:0 есебімен ұту, мүмкін емес есеп. Бүгін керемет бапкер, керемет ойыншылар, жан-тәнін беретін жанкүйерлердің жеңісі болды. Алайда, қарымта кездесу бұдан да қиынға соғады. Алда әлі 95 минуттай бар. Біз бәріне дайын болуымыз тиіс», — деді Аль-Хелаифи. Айта кетейік, қарымта кездесу 8 наурыз күні «Камп Ноу» алаңында өтеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×