«Бавария» алғашқы трансферін жасады

25.05.2022, 01:08
Мюнхендік клуб еркін агент атанған ойыншымен толықты.
«Бавария» алғашқы трансферін жасады

«Бавария» «Аякс» қорғаушысы Нуссаир Мазрауиді қатарға қосқанын хабарлады.

Марокко құрамасының 24 жастағы футболшысы мюнхендік клубпен төрт жылдық келісім-шартқа отырды. Айта кетейік, Мазрауи «Баварияға» еркін агент ретінде қосылды.

«Біз Мазрауидің жазғы трансферлік терезеде командаға қосылған алғашқы ойыншы болғанына қуаныштымыз. Оған Еуропаның түкпір-түкпірінен ұсыныстар болды, бірақ ол бізді таңдады, өйткені бізде нақты жұмыс жоспары бар және біз онымен бірге үлкен жетістікке жеткіміз келеді», - деді «Баварияның» спорт директоры Хасан Салихамиджич.

Нуссаир Мазрауи - «Аякстың» түлегі. Өткен маусымда ол амстердамдық клуб сапында 34 ойынға қатысып, 5 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Амстердамдық клубпен бірге футболшы Нидерландының үш дүркін чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×