"БАВАРИЯ" бундеслигадағы рекордын қайталады

05.10.2015, 14:42
"БАВАРИЯ" бундеслигадағы рекордын қайталады
Бундеслиганың 8 туры аясында Германияның жоғарғы дивизионының қос командасы "БАВАРИЯ" және Дортмундтық "БОРУССИЯ" футбол клубтары өзара мықтыны анықтады. Гвардиола шәкірттері тағы да басымдылық танытып, қарсыласын ойсырата жеңді. Бұл ойын жанкүйерлер есіне әлем чемпионатының жартылай финалы: Германия мен Бразилия ойынын еске салдғандай болды. Гвардиола дәуірі аяқталды дегендердің аузына құм құйылғаны айдан анық. Ойын әдеттегідей қонақтардың басымдылғымен басталды. Мюллер, Левандовскийлер қорғаушылардың мазасын әбден кетірді десе де болады. Ал "БОРУССИЯ" болса тек қорғанумен болды. Алдымен Дуглас Коста "аралар" қақпасына қауіп төндірді. Содан кейін Алаба Мюллерге тамаша пас шығарып, Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті ашты. Бұл ойынның 26 -шы минуты еді. Қонақтарға жетпей тұрғаны пенальти еді. Мхитарян Алькантараға қарсы дөрекі ойнап, ережені бұзған үшін Мюллер оны жазасыз қалдырмады. Есеп 2:0. Екінші соғылған голдан кейін қонақтар жылдам естерін жинап, есеп айырмасын қысқартты. Обамеянг құлап жатып соққы бағыттап, есепті 2:1 ге жеткізді. Ойынның бірінші кезеңі осылай аяқталды. Екінші 45 минутта "БОРУССИЯ" Ойыншыларына кезек келді.( Роберт Левандовский және Марио Гетце) Ойынның 46- минутында Левандовский есепті 3:1 ге жеткізді. Бас бапкер Томас Тухель ойыншы алмастырамын дегенше Бюрке қақпасына төртінші гол соғылды. Поляк шабуылшысы дубль авторы атанды. Ойын нүктесін Марио Гетце 66- шы минутта қойды. Қорытынды есеп 5:1. Осылайша, "БАВАРИЯ" бундеслигадағы басты қарсыласын ұтып, 7 ұпайға ұзап кетті.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Әбілмансұр ҚАМЗАЕВ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×