Швейцариялық «Базель» командасының капитаны Валентин Штокер Конференция лигасының топтық кезеңінде «Қайратпен» болатын ойынға қатысты пікір білдірді.
- Қазақстанға жету үшін 7 сағат ұшып келіңіздер? Жолда қиындықтар болды ма?
- Бұл өте ұзақ сапар болды. Сондықтан демалуға уақытымыз жеткілікті болсын деп ертерек келдік.
- Команданың көңіл-күйі өте жақсы сияқты. Ертеңгі матчта жеңіске жететініңізге сенімдісіз бе?
- Менің ойымша, сенімділік пен жақсы көңіл-күйдің айырмашылығы бар. «Қайраттың» ойындарын тамашаладық және олардың жақсы команда екенін білеміз. Біз жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.
- Яцек Гуральский «Қайрат» сапына қайта оралды. Ол Швейцарияда өткен алғашқы ойынға қатысқан жоқ. Сіз онымен болатын текетіреске дайынсыз ба, өйткені ол сізбен бір позицияда ойнайды?
- Футболдың командалық спорт екенін білесіз. Біздің әрбір ойыншы өз позицияларында болатын жекпе-жекке дайын болуы керек.
- Сіздің командаңыз Швейцария кубогінен шығып қалды, сонымен қатар «Цюрих» (3:3) пен «Санкт-Галленге» (0:1) есе жіберді. Осыдан кейін халықаралық үзіліс болды. Ал команда мұнда қандай көзқараспен келді? Бұл сәтсіз серияны қалай бұзуды көздеп отырсыздар?
- Байқағаныңыздай, біздің команданың көңіл-күйі жақсы. Нашар ойнасақ, жаттығуда аянбай тер төгуіміз керек. Біз ертең қалаған нәтижеге жету үшін жақсы дайындалдық деп ойлаймын.
Біздің серіктес: FONBET