Беларусь құрамасының бас бапкері: біз шайқасқа дайынбыз...

05.06.2025, 16:57

Беларусь құрамасының бас бапкері Карлос Алос Қазақстанға қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.  

Беларусь құрамасының бас бапкері: біз шайқасқа дайынбыз...
Беларусь - Қазақстан кездесуі

«Менің бірнеше жыл Қазақстанда жұмыс істегенімді ұмытпаңыздар - алдымен жасөспірімдер құрамасын сосын «Қайратты» жаттықтырдым. Қазір Қазақстан құрамасында жаңа бапкер, оның басшылығымен команда екі кездесу өткізді. Мен Қазақстанның өзін де, 2022-жылы Ұлттар Лигасының аясында Беларуське қарсы өткізген ойынын да зерттедім. Бұл бәсекелер біздің құрама үшін аса сәтті бола қойған жоқ. Қазір де оңай болмайын деп тұр - қарсылас жүйелі қорғанады әрі қарымта шабуылда күшті. Олардың құрамында жоғары деңгейлі бірнеше футболшы бар, бірақ біз шайқасқа дайынбыз», - деді К. Алос.

Бүгін Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан Беларусьпен сырт алаңда жолығады. Жолдастық кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ал 9-маусымда ұлттық команда ӘЧ-2026 аясында Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×