Бельгия-Қазақстан кездесуіне сербиялық төрелік етеді

06.10.2011, 07:31
Бельгия-Қазақстан кездесуіне сербиялық төрелік етеді

Бельгия-Қазақстан кездесуіне сербиялық Милорад Мажич бастаған төрешілер құрамы қазылық етеді. Бұл рефери Еуро-2012 доп додасына іріктеу сынында бір рет қана қызмет жасаған. Мажич Израиль-Латвия кездесуіне төреші болып ойыншыларға үш ескерту қағазын көрсеткен болатын. Бельгия-Қазақстан кездесуі 7 қазанда Брюссельде өтеді. Букмекерлік кеңселер бұл ойындағы қазақстандық аяқдопшылардың жеңісіне 24,63 коэффициент белгілеп отыр. Біздің қарсыластарымыз Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға әлі-де үмітті. «А» тобында сегіз ойыннан кейін отандастарымыз 3 ұпаймен соңғы алтыншы орында келеді. Ал Бельгия 12 ұпай еншілеп әзірге үшінші тұр.

Алматы облысы

Жігер Әзберген

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×